Оңтүстік Қазақстан облысында "Сайрам" кеден бекетінің қызметкерлеріне қатысты екі қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында "Сайрам" кеден бекетінің қызметкерлеріне қатысты екі қылмыстық іс қозғалды

Оңтүстік Қазақстан облысында "Сайрам" кеден бекетінің қызметкерлеріне қатысты екі қылмыстық іс қозғалды

Астана. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облыстық Кедендік бақылау департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері мемлекетке 5 млн теңге көлеміндегі шығын келтірген "Сайрам" кеден бекетінің қызметкерлеріне қатысты екі қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 11 Тамыз 2008
  • 487
Фото - Caravan.kz

«Оңтүстік Қазақстан облыстық Кедендік бақылау департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері қызметіне қиянат жасаған және ұқыпсыз қараған оқиға бойынша Оңтүстік Қазақстан облыстық Кедендік бақылау департаментінің «Сайрам» кеден бекетінің қызметкерлеріне қатысты екі қылмыстық іс қозғады. Ол жалпы сомасы 5 167 667 теңге болатын экспорттық баж салығын төлемеу және ұсынбаудан көрініс тапқан жіберілген пайда түріндегі заңмен қорғалатын мемлекет мүддесіне қайшы келуге байланысты қозғалған», — деп атап көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Осыған және кеден органдарының қатарындағы басқа да сыбайлас жемқорлық оқиғаларына байланысты Кедендік бақылау комитеті кеден органдарының қызметкерлерінің тарапынан болған барлық заңға қайшы іс-әрекеттер жөнінде хабардар етуді сұрайды. «Төмендегі көрсетілген сенім телефондарына хабарласуды немесе ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерінің ұялы телефондарына қоңырау шалуды өтінеміз: 8 (7172) 79-45-38, 79-46-80, 79-46-79, 79-46-82, 79-46-85, 79-46-33 или 8 701 512 25 95, 8 701 544 71 07, 8 701 111 37 84, 8 777 220 77 92, 8 701 784 56 91, 8 701 723 80 93, 8 701 524 32 25», — деп көрсетілген хабарламада.

Мекеме берілген ақпарат иесінің жарияланбайтынына кепілдік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті