Оңтүстік Қазақстан облысында шекарашылар есірткі тасымалдаушыны құрықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында шекарашылар есірткі тасымалдаушыны құрықтады

Оңтүстік Қазақстан облысында шекарашылар есірткі тасымалдаушыны құрықтады

Шымкент. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында шекарашылар қазақ-өзбек шекарасында есірткі тасымалдаушыны бір килограмм героинмен құрықтады. Бұл туралы агенттікке ҚР ҰҚК Шекара қызметінің "Оңтүстік" аймақтық басқармасынан хабарлады.

  • 19 Қараша 2007
  • 471
Фото - Caravan.kz

«Жексенбі күні Сарыағаш ауданы «Красный водопад» шекара заставасы учаскесінде барлау-іздеу тобы Өзбекстаннан Қазақстанға бет алған белгісіз адамды құрықтады. Тексеру кезінде одан жалпы салмағы 1 килограмнан астам героин салынған төрт полиэтилен пакет табылды», деп хабарлайды «Оңтүстік» аймақтық басқармасындағылар.

Шекарашылардың хабарлауынша, ұсталғанның сөзіне қарағанда, ол Өзбекстан азаматы болып табылады. Тұтқын ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментіне табысталды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті