Оңтүстік Қазақстан облысында шекарашылар Тәжікстан азаматшасын ірі көлемдегі героинмен қамауға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында шекарашылар Тәжікстан азаматшасын ірі көлемдегі героинмен қамауға алды

Оңтүстік Қазақстан облысында шекарашылар Тәжікстан азаматшасын ірі көлемдегі героинмен қамауға алды

Шымкент. 1-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында қазақ-өзбек шекарасында шекарашылар өзімен бірге 10 келіден астам героин алып келе жатқан Тәжікстан азаматшасын қамауға алды. Бұл жөнінде журналистерге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Оңтүстік" шекара қызметі аймақтық басқармасы қолбасшысының орынбасары Ерік Росляков мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 1 Қазан 2007
  • 394
Фото - Caravan.kz

Арнайы қызмет өкілінің хабарлауынша, Өзбекстаннан Қазақстанға қарай бет алған екі қызы бар әйел өтуге тыйым салынған жерден шекараны кесіп өтпекші болған. Заң бұзушыны шекарашылар «Сарыағаш» күзет бекетінің аумағы маңында тұтқындаған. «Тексерген кезде есірткіні балалар алып жүргені мәлім болды. Олардың әрқайсысының сөмкесіне бес-бес келіден бөлініп салынған», — деді Е. Росляков.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, әйел қамауға алынған. Қазіргі кезде ол Оңтүстік Қазақстан облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеу изоляторында отыр. Аталмыш оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті