Оңтүстік Қазақстан облысында Шымкент пен Түлкібас арасында жаңа теміржол байланысы орнады
Шымкент. 24 қараша. "Қазақстан бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында Шымкент пен Түлкібас арасында жаңа теміржол байланысы орнады, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Қала маңындағы тасымал" АҚ-ның шымкенттік филиалының бастығы Фатима Палымбетоваға сілтеме жасап. |
"Бұл жаңа дербес маршрут емес, біз бұрын болған Сарыағаш - Шымкент маршрутын Түлкібасқа дейін создық, енді бұл бағыт Сарыағаш - Шымкент -Түлкібас деп аталады. Оны біз адамдардың өтініші бойынша жасадық, өйткені, әкімдікке Түлкібас ауданына дейін қатынас ортану жөнінде хаттар түсетін", -деді Ф. Палымбетова.
Қала маңындағы тасмыал бөлімінің мәліметінше, Оңтүстік Қазақстан облысында үш маршрут бар: облыстық бюджеттен қаржыландырылатын Түркістан -Шымкент және Түлкібас - Сарыағаш, сондай-ақ, ҚТЖ қаржыландыратын Түркістан - Арыс маршруты бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін