А. Бекмұратовтың айтуынша, төрт теміржолшы теміржол цистерналарынан жанармай ұрлап жатқан кезде ұсталған. Олардың арасында вагондарды құрастырушы, тексерушілер мен әскерилендірілген күзет қызметкерлері бар.
«Олар ұрлық үстінде ұсталды. Ұрылар алты цистернадан аздан-аздан жанармвй алып үлгерген кезде құрықталды, жанармай канистрлерге құйылып, жасырын жерге жеткізілген», — деді А. Бекмұратов.
Тәртіп сақшылары ұрылардан жанармай құйылған 80 канистр алды. Ұрлық дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті