Жарияланды: 390

Оңтүстік Қазақстан облысында тергеу изоляторында бір тұтқын буынып өлді

6-қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық полиция бөлімшесінің тергеу абақтысында бір тұтқын буынып өлді. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-нан хабарлады.

Ол адам зорлаған күдікті ретінде тергеу абақтысына қамауға алынған болатын. ІІББ-ның ақпаратына сәйкес, мас күйінде бір әйелдің үйіне басып кірген ол үй иесі- әйелді зорлаған. Қылмыстың ізі суымай қолға түскен әлгі еркек тергеу абақтысына қамалады. Алайда, келесі күні таңертең ол өз жейдесіне асылып тұрған жерінен табылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін