Оңтүстік Қазақстан облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы құрықталды

Оңтүстік Қазақстан облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы құрықталды

 Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында ұйымдасқан қылмыстық топ басшысы ретінде полицейлердің тіркеуіне енген ер адам құрықталды.

  • 4 Ақпан 2015
  • 309
Фото - Caravan.kz


Облыстық полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, қолға түсіру кезінде ол «БМВ-525» көлігімен полицейлерді қағып, қашып кетпек болған.
Тінту барысында оның қалтасынан тапанша мен оқ табылды.
Сонымен қатар, ол мініп жүрген көліктің былтыр қазан айында ұрланғаны белгілі болды.
Тексеру кезінде оның бірқатар қылмыстарға қатысы бары анықталды. Қазір күдікті оқшаулағышқа тоғытылды.