Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 140-қа жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 140-қа  жетті

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 140-қа жетті

Шымкент. 30-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 140-ұа жетті. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хатшысы Айжан Омарова хабарлады.

  • 30 Қазан 2007
  • 340
Фото - Caravan.kz

«Республикалық СПИД-тің алдын алу және күрес орталығының зертханасынан ВИЧ індетін тағы екі бүлдіршіннің жұқтырғандығын растау қағазы келді»,- деді А. Омарова.

«Бүгінде ВИЧ індетін жұқтырған аналардың саны 16 адамды құрап отыр»,- деп нақтылап өтті баспасөз хатшысы.

Сөйтіп, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы ВИЧ індетін жұқтырған бүлдіршіндердің саны 140-қа жетіп отыр, олардың 10 қайтыс болған, біреуін шетелге асырап алып кеткен, сондай-ақ ВИЧ індетін 16 ана жұқтырған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті