Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған тағы бір бала анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған тағы бір бала анықталды

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған тағы бір бала анықталды

Шымкент. 17-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған тағы бір бала анықталды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хатшысы Айжан Омарова хабарлады.

  • 17 Қазан 2007
  • 396
Фото - Caravan.kz

«2005 жылы дүниеге келген тағы бір баланың аталмыш індетті жұқтырғандығын растау қағазы келді. Ол Сайрам ауданында тұрады, ата-аналары жұқтырмаған»,- деп хабардар етті баспасөз хатшысы.

Сөйтіп, қазіргі күнде Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 137, олардың сегізі қайтыс болып, біреуін шетелге асырап алып кеткен, 124 бала Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады, ал екеуі басқа областардан келген.

Облыстық денсаулық сақтау директорының ВИЧ індетімен күрес штабындағы отырыста келтірген мәліметтеріне сүйенсек, ВИЧ індеті 16 анадан табылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті