«2 мен 4 жас аралығындағы төрт баланың зерттеу нәтижелері дәлелденді», — деді Н. Бабина. Оның айтуынша, екі бала Сарыағаш ауданында, бір бала Кентауда, енді біреуі Түркістанда тұрады. Жаңадан анықталған балалардың ата-аналарының анализдері тексеріліп жатыр, деді бас дәрігер.
Облыстық СПИД орталығының мәліметінше, қазіргі жағдаймен ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 127-ге жетті, соның ішінде 10 бала қайтыс болған, бір баланы асырап шетелге алып кеткен. ВИЧ індетін жұқтырған аналардың саны 15 болды.