Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі мен денсаулық сақтау министрі қызметтен босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 462.91
  • 542.16
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі мен денсаулық сақтау министрі қызметтен босатылды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі мен денсаулық сақтау министрі қызметтен босатылды

АСТАНА. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Болат Жылқышиев пен денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаев қызметтен босатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 20 Қыркүйек 2006
  • 431
Фото - Caravan.kz

«Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында 55 баланың ВИЧ індетін жұқтыруына қатысты ахуалға баға берілді. Жұмыс барысында жол берілген үлкен кемшіліктері үшін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Болат Жылқышиев пен денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаев қызметтен босатылды»,- деп хабарлады бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Нұрлан Әбдіров.

«Қазір беті ашылған барлық заң бұзушылық деректеріне қатысты тергеу жүргізілуде. Мемлекет басшысы тапсырма беріп, осынау тексеру барысын өзі тікелей бақылауға алатынын атап өтті»,- деді Н.Әбдіров.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті