Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығы ірі инвесторлар құрылыс салуды бастай алмаған жер телімдерін сатып алуда - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығы ірі инвесторлар құрылыс салуды бастай алмаған жер телімдерін сатып алуда

Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығы ірі инвесторлар құрылыс салуды бастай алмаған жер телімдерін сатып алуда

Шымкент. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігі ірі инвесторлар құрылыс салуды бастай алмаған жер телімдерін коммуналдық меншікке қайтарып алмақшы. Бұл туралы облыс әкімі Нұрғали Әшімов қаладағы құрылыс нысандарын аралаған кезде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 15 Шiлде 2008
  • 457
Фото - Caravan.kz

«Shimkent-Plaza кешенін салу жоспарланған Әл-Фараби алаңындағы жер мен Орталық стадионның айналасындағы кешенге арналған жер коммуналдық меншікке қайтарылады», — деді Н. Әшімов.

Shimkent-Plaza кешенінің құрылысына қатысты берген түсініктемесінде әкім : «Бұл ауқымды жоба болатын, инвесторлар оған миллиардтаған теңге жұмсауға тиіс болған. Алайда, оларда қаржысы жоқ. Бұл жобада біз 700 млн теңгесін, ал республика 700 млн теңгесін беруге тиіс еді. Бірақ, республиканың оған қатысты сұрағы бар. Сөйтіп қазір біз өзімізге қарасты 700 млн теңгені кері қайтарып, шағын бизнесті қолдауға бағыттадық»,- деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті