«Біз арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу мерзімін 25 жылға дейін ұзартуды және мамандандыру мүмкіндігін кеңейтуді сұраймыз»,- деді Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Арман Жетпісбаев бейсенбіде облыстық әкімшілікте өткен жиналыс барысында вице-премьер Өмірзақ Шүкеевке қаратып айтқан сөзінде. «Біз тоқыма өндірісінен басқа да, минералдық тыңайтқыштар, синтетикаліқ жуғыш заттар өндіру, жеміс-көкөністерді қайта өңдеу сияқты іс-қызметтің қосымша түрлеріне рұқсат берулеріңізді сұраймыз»,- деп нақтылады әкімнің орынбасары.
Бүгінде арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу мерзімі 2015 жылдың 1-шілдесіне дейін белгіленген.
Кеше аймаққа келген вице-премьер облыс белсенділеріне «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бастығы Асқар Мырзахметовты таныстырған. Үш облысты — Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда мен Жамбыл облыстарын біріктіретін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны құрудың мақсаты мен міндеттерін талқылау барысында Оңтүістік Қазақстан облысында «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өзі аттас арнайы экономикалық аймақпен ынтымақтастығы ең тиімді жол екендігі туралы пікірлер айтылды.
Ө. Шүкеев жиналғандарға «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының құрылымы мен функциясын түсіндіре отырып, былай деп атап көрсетті: «премьер әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны мемлекет пен жеке бизнестің күшін біріктіру үшін құруды ұсынды. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация үкімет пен бизнес арасындағы байланыстырушы буын. Қазір екі ай ішінде алдағы екі-үш жылға арналған жобалар жиналатын болады. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның басшысымен тығыз жұмыс істеп, өз жобаларыңызды ұсынуларыңыз қажет».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті