Оңтүстік Қазақстан облысының бюджеттік ұйымдары қысқа көмірдің небәрі 44% қорын жасады
Шымкент. 15 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының бюджеттік ұйымдары қысқа көмірдің небәрі 44% қорын жасады. Бұл туралы әкімдікте өткен отырыста Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика басқармасының бастығы Көктембек Табылдиев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Бюджеттік ұйымдар қысқы айларға деп көмірдің небәрі 44,1% қорын жасады. Жергілікті бюджет нысандарына қысқа қажетті көмірдің небәрі 47,4%, білім беру нысандарына - 54,3%, денсаулық сақтау нысандарына - 25,2% жеткізілді. Ал сұйық отынға келсек, жағдай одан да нашар, небәрі 22% қор жиналды", - деді К. Табылдиев.
Т. Табылдиевтің айтуынша, жылыту маусымына мектептердің 72%, емдеу мекемелерінің 74%, көп қабатты тұрғын үйлердің 35% ғана дайын. Жеті қазандықтың біреуі, жылу желілерінен - оныншы бөлігі ғана жөнделген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін