Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, контрабандалық жүк 1 тамызда Стамбул-Шымкент бағытындағы халықаралық рейспен келген ұшақты тексерген кезде табылған.
«Жеке тексеру кезінде 42 және 39 жастағы екі әйелдің киімдерінің қалтасынан кедендік бақылаудан жасырылған зергерлік бұйымдар табылды. Біреуінен табылған бұйымдардың салмағы 1 килограмм 784 грамм, екіншісінікі — 3 килограмм 786 грамм болған», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Экономикалық контрабанда» жөніндегі 209-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті