«Қазпошта» АҚ бөлімшесінің бұрынғы меңгерушісі азаматтардың несиені жабу үшін берген төлем қаржысын иемденіп отырған. Бастапқы кезде тергеу 97 мың 600 теңгенің жымқырылғанын анықтаған «, — деп хабарлады баспасөз хатшысы.
Қылмыстық істің тергеу қорытындылары бойынша, өткен жылдың аяғында 46 жастағы әйел үш жылға бас бостандығынан шартты түрде айрылды.
Алайда, меңгеруші жазасын алғанымен, азаматтардан несие қарызы үшін төлеген қаржысының банктердің есепшоттарына түспегендігі жөнінде арыз шағымдары түсе берді. Қаржы полициясының қызметкерлері бұл әйелдің ақша жымқыруына қатысты басқа қылмыстарын да әшкереледі. Тергеу кезінде анықталғанындай бұрынғы меңгеруші өзінің іс қимылдары арқылы азаматтарға миллион теңге шығын келтірген. Бүгінгі кезде анықталған деректердің тергеу амалдары аяқталып, іс материалдары сотқа тапсырылатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті