Оңтүстік Қазақстан , Шығыс Қазақстан , Қарағанды және Ақтөбе облыстарында төрт далалық өрт шықты, бір адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан , Шығыс Қазақстан , Қарағанды және Ақтөбе облыстарында төрт далалық өрт шықты, бір адам қаза тапты

Оңтүстік Қазақстан , Шығыс Қазақстан , Қарағанды және Ақтөбе облыстарында төрт далалық өрт шықты, бір адам қаза тапты

Астана. 1 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан , Шығыс Қазақстан , Қарағанды және Ақтөбе облыстарында төрт далалық өрт шықты, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 1 Тамыз 2008
  • 509
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметінше, Ақтөбе облысының Шалқар ауданы Шетырғыз ауылдық округінде аудан орталығынан 130 шақырым жерде Қаратоғай ауылында 29 шілдеде сағат 16.30-да дала массиві өртенді. Өрт 30 шілдеде сағат 17.30-да 1560 гектар аумақтан сөндірілді.

Сондай-ақ, Қарағанды облысы Саран қаласы Ақтас ауылында 31 шілдеде сағат 13.09-да өнеркәсіптік нысан маңында дала массиві өртенді.

Шығыс Қазақстан облысының Катон-Қарағай ауданында Зырянов МБ, Быков орман шаруашылығында 29 шілдеде сағат 16.40-та дала массиві өртеніп, өрт аумағы 379 гектарды құрады.

Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданы Ақбет ауылында 31 шілдеде сағат 17.15-те дала массиві өртенді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті