ТЖМ ақпаратына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданы Переменовка ауылындағы Советская көшесінде 1 тамызда жай үйде 50 шаршы метр аумақта өрт шықты, өрт салдарынан екі адам қаза тапты. Өрт 03 сағат 26 минутта сөндірілді.
Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында 31 шілдеде сағат 06.20-да 18 шаршы метр аумақта құрылыс вагонында өрт шықты. Соның салдарынан 48 жастағы ер адам қаза тапты.
Өртті ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 7 адамы мен 1 техникасының күшімен сөндірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті