Шымкенттің индустриалдық аймағында ойыншықтар шығаратын цех іске қосылды. Бұл жерде айына 4 мың пластмасс машиналар мен құмда ойнауға арналған ойыншықтар жиынтығы шығарылады. Таяуда дайын өнім желісі кеңейтілмек, қызметкердің айтуынша, цехта айына 10 мың ойыншық шығаруға болады. Автоматтандырылған машиналар мен пультпен басқарылатын ойыншық көліктер шығаруға мүмкіндіктер бар.
Бастапқыда мамандар жағы қиындық тудырған, — деді цехтағылар. Қызметкерлерді Қытайға жіберіп оқытуға тура келді — 6 адам жұмыспен қамтылды. Цех «Даму» бағдарламасы аясында іске қосылды. Кәсіпкер 10,5 млн. теңге несие алып, Шымкенттегі бірегей өндірістің ашылуына себепкер болды.