Оңтүстік Қазақстанда әз Наурыз күнінде 200-ден аса бала дүниеге келген - kaz.caravan.kz
  • $ 439.4
  • 473.54
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстанда әз Наурыз күнінде 200-ден аса бала дүниеге келген

Оңтүстік Қазақстанда әз Наурыз күнінде 200-ден аса бала дүниеге келген

Оңтүстікте 22 наурыз күні 201 бала дүние есігін ашты. Мереке күнінде туған нәрестелердің басым бөлігі – ұл балалар. Оның ішінде бір егіз бар. Ақ халаттылардың айтуынша, биылғы жыл басында жарық дүниеге келген Наурызбай мен Наурызгүлдердің қатары жылдағыдан көбейген.

  • 25 Наурыз 2017
  • 745
Фото - Caravan.kz

Кәмшат Масақбаева – 22 наурыз күні босанған аналардың бірі, деп хабарлайды "Отырар" телеарнасы. Көптен күткен перзентін дәл мереке күні дүниеге әкелуім отбасым үшін үлкен қуанышқа айналды дейді жас ана. Күні кеше ғана дүние есігін ашқан нәрестесіне ол Айжаным деген есім беріпті.

Кәмшат Масақбаева: “22 наурыз күні босандым. Қыз бала дүниеге әкелдім. Қызымның  жағдайы жақсы. Мұнымен тоқтап қалмаспын. Бұйыртса тағы туа жатырмын.”

Биыл Наурыз меркесінде дүниеге келген нәрестелердің саны жылдағадан көбейген. Мәселен №2 перинаталдық орталықта 22 наурыз күні 19 ана босанған. Нәрестелі болған аналардың алдыңғы қатары перзентханадан үйлеріне қайтып та жатыр.

Гүлжанат Байзақова, акушер-гинеколог: “22 наурыз күні бізде 16 ана босанды. Оның ішінде тоғызы – ер бала, жетеуі – қыз бала. Мерекеге қарамастан жұмысты тоқтатпадық. Әйелдердің жалпы жағдайы жақсы. Ешқандай төтенше жағдай болмады.”


Айта кетейік, демографиялық өсімі жақсы Оңтүстікте жыл сайын халық саны өсіп келеді. Мәселен, 2016 жылы өңірде жалпы саны 79 195 нәресте дүние есігін ашса, оның 765-сі егіз , бесеуі – үшем.

Соңғы жаңалықтар