Оңтүстік Қазақстандық энергетиктер Қырғызстаннан электр қуатын алу жөнінде шарт жасасты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстандық энергетиктер Қырғызстаннан электр қуатын алу жөнінде шарт жасасты

Оңтүстік Қазақстандық энергетиктер Қырғызстаннан электр қуатын алу жөнінде шарт жасасты

Шымкент. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстандық энергетиктер Қырғызстаннан 200 млн киловатт электр қуатын алу жөнінде шарт жасасты. Бұл туралы "Оңтүстік жарық" ЖШС заңгерлік департаментінің бастығы Олег Чернов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 1 Шiлде 2008
  • 583
Фото - Caravan.kz

«Жуырда біз Қырғыз энергетиктерімен 200 млн киловатт электр қуатын алу жөнінде шарт жасастық. Бірақ онда әзірге баға көрсетілмеген, сол себепті біз қазіргі бағаға қырғыз электр қуатын ала алмаймыз. Біз алдымен тарифті көтеруге рұқсат алуымыз керек», — деді О. Чернов.

Оның айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысының энергетикамен қамтамасыз етуші компаниялары «Оңтүстік жарық» ЖШС мен «Энергопоток» ЖШС тарифтерді 2008 жылдың 10 шілдесінен бастап ҚҚС қоса есептегенде 7 теңге 73 тиыннан 10 теңге 55 тиынға дейін көтеруге өтініш берді.

«Бізде бұдан басқа жол жоқ, өйткені, қырғыз энергетиктері бір киловатт/сағ электр қуатын шекарада 6,5 центке, яғни, былтырғыдан үш есе қымбатқа сатуда», -деді О. Чернов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті