Олар травматикалық тапаншамен қорқытып, төлем қабылдайтын терминалды тонап кеткен. Бұл туралы елордалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Тонау әрекеті дүйсенбіге қараған түні болған.
Жедел шара барысында «Алматы» аудандық ІІБ қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облысының ешқайда жұмыс істемейтін 1990 және 1984 жылы туған екі тұрғынын ұстаған.
Күдіктілер биыл 28 қаңтарда түнде сатушыны травматикалық тапаншамен қорқытып, дүкен кассасынан ақша ұрлап әкеткені анықталған.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.