«Оңтүстік-Батыс» жобасына заем алу туралы келісімшартына қосымша келісімді ратификациялау жөніндегі» заң жобасы мақұлданды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Оңтүстік-Батыс» жобасына заем алу туралы келісімшартына қосымша келісімді ратификациялау жөніндегі» заң жобасы мақұлданды

«Оңтүстік-Батыс» жобасына заем алу туралы келісімшартына қосымша келісімді ратификациялау жөніндегі» заң жобасы мақұлданды

Бейсенбі күні сенат депутаттары «Қазақстан республикасы мен Еуропа қайта құру және даму банкінің 2009 жылы 30-наурыздағы «Оңтүстік-Батыс» жобасына заем алу туралы келісімшартына қосымша келісімді ратификациялау жөніндегі» заң жобасын мақұлдады.

  • 12 Желтоқсан 2013
  • 590
Фото - Caravan.kz

Парламент тарапынан толық қабылданған құжат елбасының қол қоюына беріледі.

Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, «Қосымша келісім бойынша, банк қолданыстағы заем келісімшартынан үнемделген 54,5 млн долларды Қазақстанға 19 жылға несиеге береді».

Бұл қаражат жолдың 62 шақырымын қайта қалпына келтіруге жұмсалмақ. Аталған учаске бірінші техникалық санатқа енгізіліп, бетіне цемент-бетон төселеді және төрт жолақты жолға айналады.

«Бұл учаске Өзбекстанмен шекарадағы «Жібек жол» шекара бекеті мен Шымкент-Ташкент тас жолының 742-ші шақырымы аралығында орналасқан», — делінген хабарламада.


ЕҚДБ несиесі 19 жылға, айлық LIBOR+1% мөлшерлемесімен беріледі. Заем 4 жыл жеңілдікпен төленеді.