Оңтүстіккореялық компания ОҚО-да жеңіл рельсті көлік жасауға ниетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстіккореялық компания ОҚО-да жеңіл рельсті көлік жасауға ниетті

Оңтүстіккореялық компания ОҚО-да жеңіл рельсті көлік жасауға ниетті

Оңтүстік Кореяда Қазақстанның 10 инвестициялық жобасы таныстырылады. Сеулде сауда мен инвестицияларға қолдау көрсету бойынша жергілікті агенттіктің бастамасымен «Глобал Проджект Плаза» халықаралық көрмесі өтіп жатыр. Әлемнің 30 елінен жиылған өкілдер бизнес-жобаларын іске асыруға көмектесетін серіктестер іздеп келген. Бұлар негізінен оңтүстіккореялық жоғары технологиялы компаниялар. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің қазақстандық орталығының өкілдері әлеуетті инвесторларға жол құрылысы, қалалық инфрақұрылым мен денсаулық сақтау саласындағы жобалар туралы баяндамақ ниетте. Көрмеге шымкенттік жол саласының мамандары да қатысуда. Қазір кореялық компаниялардың бірі Оңтүстік Қазақстан облысында жеңіл рельсті көлік жасауға ұсынымдарын дайындау үстінде. Бұдан басқа, қоғамдық көлікке қазіргі заманғы электронды технологиялар енгізу көзделген.

  • 25 Мамыр 2016
  • 326
Фото - Caravan.kz


Асылбек Баймырзаев, Шымкент каласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары:

— Шымкент қаласында қоғамдық көлікте қызмет атқаратын 27-ден астам көлік компаниясы бар. Сол мекемелердің қызметін жақсарту мақсатында және де электрондық жүйемен бақылау орнату мақсатында бірқатар жұмыс атқарылады. Себебі қоғамдық көлік жүйесінің мақсатын нақты бір жүйеде қадағалау бізде осы күнге дейін болмаған. Осы мемлекеттердің озық тәжірибелерінің негізінде электрондық билет айналым жүйесін, электрондық қадағалау жүйелерін енгізуді жоспарлап отырмыз.