Жарияланды: 550

"Оңтүстікполиметалл" АҚ электр қуатын Шымкент қаласына сатуды жоспарлап отыр

Шымкент. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "Оңтүстікполиметалл" АҚ нарыққа электр қуатын сату мақсатында электр қуатын Шымкент қаласына сатуды жоспарлап 1-ЖЭО мен 2-ЖЭО жөндеуден өткізуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Оңтүстікполиметалл" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 1-ЖЭО мен 2-ЖЭО жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Қажетті турбиналар мен қазандықтарға тапсырыс берілген. Олардың жеткізу келісімшартына Швециялық өндірушілермен қол қойылған. Қаржыландыру мәселесі шешілуде. Осы мәселе бойынша Австрия компаниясымен келіссөздер жүріп жатыр. Мамандардың есептеуінше, жөндеу жұмыстарынан кейін 1-ЖЭО мен 2-ЖЭО сағатына 100 - 120 МВт қуат өндіретін болады. Кәсіпорынның өзіндік қажеттіліктеріне 20 МВт-та жеткілікті. Қалғанын облыс орталығы пайдаланады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть