Жарияланды: 260

Оңтүстікте қырылған малға ветеринарлар жұрттың өзін кінәлады

Оңтүстік Қазақстанда қырылып жатқан малға ветеринарлар жұрттың өзін кінәлады. Айтуларынша, қыста қараусыз жүрген төрт-түліктің ауруы аптап ыстықта асқанған. 

Базарбек Омаров, ОҚО ветеринария бөлімінің бастығы:

-Бұл аурулар шындап келген кезде малшылардың өздерінің немқұрайлы қарағаны, қардың астында жатқаны, төлдің жаңбырдың астында жүргені. Соның себебінен кетіп жатқан малдар. Оған тікелей малшылардың өзі кінәлі.

Десе де өздері әлі күнге қырылған малдың диагнозын да таппаған. Бір апта бұрын алған сынама тек індеттің жұқпалы емес екенін көрсетіпті. Ал, нақты қандай аурудан өліп жатқанын 10 күннен соң ғана білеміз дейді мамандар. Соған қарамастан ветеринарлар төрт-түлікті антибиотикпен емдеуді ұсынды. Бірақ оның пайдасы шамалы. Ащысай тұрғындарының айтуынша, қазір арам қатқан мал саны 70-тен асқан. Дегенмен ешқайсына өтемақы төленбейтін болды. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін