Оңтүстіктен Солтүстікке үлкен көш басталғалы жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстіктен Солтүстікке  үлкен көш басталғалы жатыр

Оңтүстіктен Солтүстікке үлкен көш басталғалы жатыр

Оңтүстіктен солтүстікке көшіру заңмен бекітілмек. Бүгін тиісті құжат алғаш рет Мәжілісте таныстырылды.

  • 14 Ақпан 2015
  • 479
Фото - Caravan.kz

Солтүстіктің тұрғындары соңғы жылдары азайып барады. Негізінен бұл Ресейге қоныс аударып жатқандардың артуымен байланысты. 2050 жылға қарай мұндағы халық саны тағы 1 миллионға қысқаруы мүмкін. Ал оңтүстікте керісінше өсім қарқыны күшті. Алдағы 20 жылда адам саны бұл өңірде 5 миллионға артады деп есептепті мамандар. Сондықтан солтүстік облыстарға барып жұмыс істейтіндерге мемлекет қолдау көрсетпекші.  Барлық жол шығынын көтеріп, жалға берілетін тұрғын үйлерден пәтер де  алып бермек. Сондай-ақ, солтүстіктектегі университеттер мен колледждерге оқуға түскісі келетін жастарға  грант көп бөлінетін болады.

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:

-Көшу әр адамның жеке ісі. Ешкімді күштемейміз. Дегенмен ниет білдіргендерге жол шығыны, баспана жалдауды айтпағанда, сол барған жеріне үйренісіп кеткенше, ақша береміз. Жұмысқа тұруын да қадағалап отырамыз.