Оңтүстіктің оқушылары демалыста көшеде қаңғырып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстіктің оқушылары демалыста көшеде қаңғырып қалды

Оңтүстіктің оқушылары демалыста көшеде қаңғырып қалды

Жаңа жылдық мерекеден соң Оңтүстік Қазақстан облысында біраз ата-ана перзенттерін іздеп, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау орталығына бет бұрды. Оқушылардың қысқы демалысы кезінде көшеде қаңғырып жүрген 35 бала осында жеткізілген. Енді оларды ата-аналары алып кетіп жатыр. Алайда, кейбірі балаларына асығар емес.

  • 10 Қаңтар 2013
  • 268
Фото - Caravan.kz

Алтай Байдәулетов бейімдеу орталығына түсіп қалған ұлын алып кетуге Ордабасы ауданынан келіпті. Баласын тәртіп сақшылары түнде Шымкенттің ойынханаларында жүрген жерінен ұстап алған.

Алтай Байдәулетов, Ордабасы ауданының тұрғыны:

Атасының үйіне қыдырып келген ғой бұл бала. Мен ауылдамын. Оны мен қайдан білейін. Түнде сағат үштерде естідім. Есте қаларлықтай боп тұр ғой енді. Мұқият боламыз енді. Мұндай енді болмайды.

Жаңа жылдың алғашқы күндері осы орталыққа түнгі оннан кейін қараусыз қалған 35 бала жеткізілген. Қазір олардың 27-сі қалды. Біразын ата-анасы алып кетсе, қалғаны перзентін бауырына басуға асығатын емес.

Юрий Шкаринин, Шымкент қаласының тұрғыны:

Ойынханада компьютер ойнадық. Сосын үйге қайтамыз деп такси тоқтатуға көшеге шықтық. Сол кезде полиция ұстап алды.

Ал мына ата-анабаласын алып кетуге асыққаны соншама мекеме қызметкерлерінің тиісті құжаттарды түгел толтырып болуын да күтетін емес.

Есесіне, орталық қызметкерлері мына бозбаланың ата-анасын таппай жүргеніне екі айдың жүзі болыпты.


Сәуле Оңғарбаева, ОҚО Білім басқармасының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының әлеуметтік педагогы:

— Ордабасы ауданының ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен бізге келген. Енді осы баланың ата-анасын іздестіріп жатырмыз. Бала өзі сөйлей алмайды. Жазса «Саша» деп жазады. Қайда тұратынын анық айта алмай отыр.

Егер жақын арада оның туыстары табылмаса жеткіншек жетімдер үйіне өткізілетін болады. Жалпы өткен бір жыл ішінде тәртіп сақшылары түнде қала көшелерінде қараусыз жүрген мың жарымға жуық баланы бейімдеу орталығына жеткізіпті. Дені қолайсыз отбасынан шыққан балалар. Ал перзентін жиі қараусыз қалдырғаны үшін 14 азамат ата-ана құқынан айырылған.