"Онкологиялық ауруларға алып келеді": Қазақстандық мамандар электронды темекінің зиянын айтып дабыл қақты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Онкологиялық ауруларға алып келеді": Қазақстандық мамандар электронды темекінің зиянын айтып дабыл қақты

"Онкологиялық ауруларға алып келеді": Қазақстандық мамандар электронды темекінің зиянын айтып дабыл қақты

Қазақстанда зияны ұшан-теңіз темекі түріне тәуелділер тыйылмай тұр. Кәдімгі темекіден бөлек, бір рет шегетін электронды шылымды әсіресе мектеп жасындағылар жиі тұтынады екен.

  • 4 Қараша 2021
  • 594
Фото - Caravan.kz

Ал мамандар мұның құрамындағы никотин темекіден 2,5 есе көп екенін айтады. Бұл туралы Caravan.kz порталы stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Терпавет Айжан Шанова бұл темекілердің құрамында жасөспірімнің ағзасына өте ауыр тиетін улы, химиялық заттар мен ауыр металдар бар дейді. Сондай-ақ, кәдімгі шылымнан никотині екі есе көп. Әсіресе, ағзасы толық жетіліп болмаған балалардың жүйке жүйесіне өте зиян.

“Электронды темекі құрамы әртүрлі келеді. Түрлі химиялық қосындылар, никотин, формальдегид бәрі денсаулыққа өте зиян. Канцерогендік әсерлерден соң онкологиялық ауру тудыруы мүмкін”, – дейді терапевт Айжан Шанова.

Депутаттар Үкіметтен осы мәселені шешуді сұрап отыр. Олар бір реттік электронды темекіні тәркілеп,
сатылымнан мүлдем алып тастайық
деген ұсыныс жасады. Қолданыстағы заңнама бойынша Қазақстанда 21-жасқа толмағандарға темекі бұйымдарын тұтынуға, сатуға тыйым салынған. Алайда интернет пен азық-түлік дүкендерін жаулап алған көк түтінді әзірге ешбір мекеме мамандары тексеріп жатқан жоқ.