Оппозиционерлер Украина билігімен «диктатура туралы заңдарды» қабылдамау жайлы келісімге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оппозиционерлер Украина билігімен «диктатура туралы заңдарды» қабылдамау жайлы келісімге келді

Оппозиционерлер Украина билігімен «диктатура туралы заңдарды» қабылдамау жайлы келісімге келді

Билікпен келіссөздер жүргізуде Украина оппозициясының басшылары 16 қаңтар күні «диктатура заңдары» деп танылған Жоғарғы Рада қабылдаған даулы құжаттарды болдырмау туралы келісімге келді.

  • 28 Қаңтар 2014
  • 253
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Украинаның әділет министрі Елена Лукаш мәлімдеді. Министрдің мәлімдемесі ел президентінің ресми порталында жарияланған, деп хабарлады РБК.

Е.Лукаштың атап өтуінше, оппозиционерлерге «радикалды әрекеттерді қолдауға жол бермеу» тапсырылған. «Диктатура туралы заңдар» «еуропалық деңгейге» сәйкес келу үшін қайта қаралатын болды.

Е.Лукаш ел президенті Виктор Янукович пен оппозиция көшбасшылары Арсений Яценюк («Батькившина» партиясы), Виталий Кличко (УДАР) және Олег Тягнибокпен («Свобода») келіссөздер жалғасады.