Жарияланды: 420

Оппозиция шетелдік компаниялардың жер қойнауын пайдалануына рұқсат беретін келісімшарттарды көпке жария етуді талап етуде

Оппозициялық «Азат» партиясы мен «Халық билігі» блогы шетелдік компаниялармен жер қойнауын пайдалану жөнінде бекітілген барлық келісімшарттарды жариялауды талап етті.

Дүйсенбі күні «Азат» партиясы таратқан резолюцияға қарағанда, оппозиция биліктен «үкіметті тәуелсіздік алғалы бері шетелдік компаниялармен жер қойнауын пайдалану және өнімді бөліске салу туралы барлық келісімшарттарды жариялауды міндеттеуді талап етеді». Бұл қарар сенбі күні Алматыда қытай экспансиясына қарсы өткен митингте қабылданған. Оппозиционерлер Қытаймен арадағы барлық жобаларды «қоғамдық сараптамадан өткізгенге дейін» толық тоқтату қажет деп есептейді. «Осы мәселелерді бағалап, тексеру үшін үкімет, саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар өкілдері мен сарапшылардан құралған комиссия құру керек», - делінген қарарда. Ал, еліміздің табиғи байлықтарының шетелдіктер қолына өтіп кетуіне жол берген парламент пен үкімет таратылуы тиіс, дейді оппозиционерлер. «Біз осындай шаралар ғана барлық отандастарымызды біріктіріп, біздің еліміздің гүлденуіне, толыққанды экономикалық егемендік пен саяси тәуелсіздігін қамтамасыз ететініне сенімдіміз», - делінген құжатта.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть