ОҚО: 1 тәуліктің ішінде жол апатынан 3 адам мерт болды
Оңтүстік Қазақстанда орын алған жол-көлік апатында 3 адам мерт болды. |
Екі қайғылы оқиға Түлкібас ауданында «Алматы-Ташкент» тас жолында орын алды. Бірінші апат Оңтүстік Қазақстанның 23 жастағы тұрғынының өмірін қиып кетті. Түлкібас ауданының 26 жастағы тұрғыны, «ВАЗ-2106» көлігінің жүргізушісі апатқа себепші болды. Ол қарсы бағытқа шығып кетіп, Түлкібас ауданының 1981 жылғы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Фольксваген-Пассат» көлігімен соқтығысты. «ВАЗ» көлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Екі жүргізуші де түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді.
Бір күн өткеннен кейін сол тас жолда тағы бір жол-көлік апаты орын алды. Алматыға бағыт алған «Опель-вектра» көлігінің 34 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, «КамАЗ» көлігінің жүк тіркемесіне соғылған. Оны Жамбыл облысының 1980 жылғы тұрғыны басқарған.
«Опель» көлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы (1992 жылғы жергілікті тұрғын) алған дене жарақаттарынан оқиға орнында жантәсілім етті. Шетелдік көліктің тағы бір жолаушысы түрлі жарақаттармен жергілікті ауруханаға жеткізілді.
Бұл фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 296 бабымен қалмыстық іс қозғалды. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін