ОҚО әкімдігінің департамент директорының орынбасары пара алды деген күдік бар - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО әкімдігінің департамент директорының орынбасары пара алды деген күдік бар

ОҚО әкімдігінің департамент директорының орынбасары пара алды деген күдік бар

Шымкент. 21 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте пара алды деген күдікпен ОҚО әкімдігінің департамент директорының орынбасары ұсталды. Бұл туралы агенттік тілшісіне, ОҚО сыбайлас жемқорлықпен және экономикалық қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі департаменті (қаржы полициясы) бастығының орынбасары Серік Бейсалиев хабарлады.

  • 21 Қараша 2007
  • 713
Фото - Caravan.kz

«Облыс департаменті директорының орынбасары ауыл мектебі құрылысының тендеріне қатысып, жеңіске қол жеткізуге қолғабыс жасайтынын айтып, 7 млн тенге пара талап еткен «, — деп хабарлады С. Бейсалиев.

Қаржы полициясының сөздеріне қарағанда, бір құрылыс компаниясының басшысы полицияға арыз жазып, онда тендер жобасының құны 352 млн теңге екенін айтқан. Ал шенеунік өз қызметі үшін 7 млн теңге талап еткен.

Шұғыл топ әкімдік қызметкеріне арнайы қоспамен белгіленген $58 300 пара беріп жатқан кезде құрықтады.

Облыстық прокуратура ҚР Қылмыстық кодексінің 311 бабы (пара алу) бойынша қылмыстық істің қозғалуына рұқсат берді. Қолға түскен күдікті тергеу қапасына тоғытылып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті