ОҚО бұрынғыша көмір тапшы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО бұрынғыша көмір тапшы

ОҚО бұрынғыша көмір тапшы

Шымкент. 4 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында бұрынғыдай, көмір тапшылығы сақталуда. Бұл туралы журналистерге "VIP-M" фирмы директорының орынбасары Сәкен Төлендиев хабарлады.

  • 4 Желтоқсан 2007
  • 584
Фото - Caravan.kz



«Шұбаркөл разрезімен қарашаның ортасында жасалған келісім бойынша, облысқа күн сайын 60 вагон келіп отыру керек. Алайда, оның орнына көп дегенде 20 вагон 4-5 күн аралығымен жеткізіліп отыр «, — деп хабарлады С. Төлендиев.

Оның сөздеріне қарағанда, көмір тапшылығынан алыпсатарлар оның құнын есеге дейін қымбаттатуда. Мәселен, шалғайдағы Мақтаарал ауданында бір тонна тас көмір бағасы -10-12 мың теңгеге сатылып, тұрғындардың наразылығын тудыруда.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, қарашаның басында облыс әкімшілігі төтенше жағдайлардың алдын алу үшін «Шұбаркөл көмір» АҚ президенті А. Ақпаевқа арнайы хат жазып, қосымша 200 мың тонна көмір жеткізу туралы келісім-шарт жасасу туралы ұсыныс жасаған. «Шұбаркөл көмірдің» қарсылығына қарамастан, үкіметтің араласуымен келісім- шартқа қол қойылды. Шарт бойынша, «VIP-M» фирмасы арқылы Шымкенттің отын базасына Шұбаркөл көмір разрезінен күн сайын 60 вагон көмір тиеліп жөнелтілу керек. Алайда, келісім орындалмай отыр.

Облыс әкімінің орынбасары Ислам Әбішев айтқанындай, облыс бойынша көмірге деген сұраныс көлемі 681 705 тоннаны құраса, қарашаның ортасында 530 505 тонна немесе 77,8 тонна дайындалды. 2006 жылмен салыстырғанда 2007 жылдың 9 айында Шұбаркөлден облысқа жіберілген көмір көлемі 76 мың тоннаға аз болды. Басты себептердің бірі- вагондардың тапшылығы. Шілдеден қазан айына дейін облысқа 4524 вагон жіберілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 209 вагонға кем.