Жарияланды: 370

ОҚО кеденшілері 60 келіден астам күміс тиелген жүк көлігін ұстады

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері Б.Қонысбаев атындағы кеден бекетінде тоқыма және халық тұтынатын тауарлар тиеген жүк көлігін тоқтатты.

Көлікті сканерлеу кезінде өткізіліп отырған тауардың мәлімделген декларацияға сәйкес келмейтіні анықталды. Тексеру кезінде оның ішінен күміс түсті металдан жасалған 64 келі бұйымдар тәркіленді. Алдын ала болжам бойынша, бұл 925-ші сынамалы күміс болып табылады. Бірақ нақты жауапты сараптама береді. Қазіргі кезде сот сараптамасы жұмысқа кірісуде. Оның қорытындылары белгілі болған соң, қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіледі. Жүктің Қазақстан-Түркия бағыты бойынша тасымалданып отырғаны белгілі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін