ОҚО хәл үстінде жатқан алты баланың анасына шұғыл көмек қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО хәл үстінде жатқан алты баланың анасына шұғыл көмек қажет

ОҚО хәл үстінде жатқан алты баланың анасына шұғыл көмек қажет

Оңтүстік Қазақстан облысында 8 баланың анасы хәл үстінде жатыр. 34 жастағы алтын алқа иегері Гүлшат Вафаева омыртқасында ісігі барын екі ай бұрын білген. Шиеттей бала-шағаның анасы аудандық емханадан бастап, облыстағы мекемелерге қаралса да сырқатына дауа таппаған. Тұрмысы нашар отбасы туған-туыстан қарыз алып, үйін кепілге қойған ақшамен ота да жасатыпты. Бірақ ісік қайта жайлап, енді тағы шұғыл операция қажет. Ал, көпбалалы әйелдің ол тұрмақ, дәруменге де ақшасы жоқ.

  • 29 Шiлде 2015
  • 338
Фото - Caravan.kz

Гүлшаттың бір жарым айдан бері көрген күні осы. Омыртқасына ота жасалған әйел аяқтарын сезбейді. Аудандық дәрігерлерден бастап, облыс тіпті Ташкентке дейін барып қаралған. Омыртқасында ісігі, ал қолында мұны дәлелдейтін 4 томография суреті бар. Онымен Гүлшат тегін ота жасату үшін  нейрохирургке барған екен. Тек, облыстық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының дәрігері мемлекеттік емес, жеке клиниканың қағазын әкел деп бәлсініпті.

Гүлшат Вафаева, Қазығұрт ауданының тұрғыны:

-Нейрохирург Файзахметовке алып барғанда осы өзіміздің Шымкентте түскен диагностический центрдің несін көрдідағы столға лақтырып жіберді. Бұл болмайды, Документін частный клиниканың алып келесің. Сосын ғана қараймын деді. Жағдайым жоқ плтаныйға десем, енді маған неңді айтасың, өзің үшін қыласың деді.

Мемлекеттік квотадан күдерін үзген күйеуі таныс-тамырдан қарыз алып, үйін кепілге қойған ақшаға Ташкентте ота жасатыпты. Жарты миллион теңге қарызы бар әйелдің енді дәрумен алуға да қаржысы жоқ.

Гүлшат Вафаева, Қазығұрт ауданының тұрғыны:

-Кірісіміз өкіметтен беріп жатқан алтын алқа бойынша 12мың 600 теңге аламын. Пособие бар 3 айда беретін 44 мың теңге. Сол кірісіміз боп тұр балаларға төленетін ақшалары. – Күйеуіңіз? –Күйеуім тұрақты еш жерде жұмысы жоқ. Стройка, қай жерде жұмыс шықса сол жаққа барады.

Үлкені 12-ге енді толған 8 бала болса орнынан қозғала алмай жатқан анасының қас-қабағына қарап әуре. Күйеуі күндіз-түні қаражат іздеп жүргенде, Гүлшаттың бар сүйенері осы балалары.


Қайта күнделікті бала шағаның сүті мен нанын көршілері беріп жүр. Ал, ем-домсыз жағдайы күніге нашарлап бара жатқанын аудандық дәрігерлер білсе де, қол қусырып отыр.

Перизат Есіркепова, Қазығұрт аудандық емханасының бөлім меңгерушісі:

-Қазіргі таңда науқасқа егерде мүгедектікке шығу керектігі болса біз оны науқасты бірінші положение бойынша 4 ай бақылауда емдейміз. Егер де керек болса уақытында МСЕК-ке жібереміз.

Белінің бірнеше жерінен тағы ісік табылған Гүлшатты алда тағы бір операция күтіп тұр. Алайда, 8 баланың анасы оған қаржыны қайдан аларын білмейді.