Оқиға желтоқсан айының басында орын алған болатын. Қазығұрт ауданының орталық ауруханасына ауыр халде жеткізілген төрт жасар бүлдіршін бір жарым тәуліктен соң көз жұмды. Алғашында ата- анасы болған жағдайды жасырып, “бала ойнап жүріп, құлап қалды» деп түсіндірмек болған. Алайда тергеу барысында баланы туған анасының сабағаны анықталды. 24 жастағы келіншек бұл әрекетке нәрестесі киіміне кіші дәрет сындырып қойған соң барғанын айтқан.
Мейірхан Әміров, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының үйлестіруші судьясы:
— Қазығұрт аудандық сотында қаралып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның апелляциялық шағым келтіруге 15 күн, заңда көрсетілген мерзімі бар. Осыған байланысты ол шағым жасауға құқылы.