ОҚО құтқарушылар қардың құрсауынан 500 ден аса адамды шығарып алды (нақтыланған деректер) - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО құтқарушылар қардың құрсауынан  500 ден аса адамды шығарып алды (нақтыланған деректер)

ОҚО құтқарушылар қардың құрсауынан 500 ден аса адамды шығарып алды (нақтыланған деректер)

Шымкент. 25 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар қардың құрсауында қалған 529 адамды және 46 техниканы шығарып алды. Бұл туралы агенттік тілшісіне ОҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 25 Желтоқсан 2007
  • 496
Фото - Caravan.kz

«24 желтоқсанда сағат 10 кейін облыста ауа райы күрт өзгеріп, барлық бағыттарға таралатын жолдарды қар басты. Сондықтан, халықаралық автобустардың қаладан шығуына және жол жүруіне тыйым салынды», — деп хабарлады ТЖ департаментіндегілер.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қардың құрсауында қалғандарды құтқару үшін құтқарушы экипаждың екі колонна -тобы құрылып, олар барлық жерде жүре алатын қажетті көліктермен жабдықталды.

Бірінші топ төрт көлікпен Шымкент — Машат — Тұрар Рысқұлов ауылдарына — Шақпақ-баба бекетіне қарай бет алды. Екінші топ машина тартқыш және бір көлікпен Шымкент — Қазығұрт жолына шықты.

Желтоқсанның 24 — 25 қараған түні бірінші топ 32 техниканы қар құрсаудан босатты. Оның 25-і автобус. Сондай-ақ, 467 адамды құтқарды. Екінші топ қар басып қалған 6 техниканы (2 автобус) және 62 адамды құтқарып, бірінші топқа көмек беру үшін,Түлкібас ауданына қарай жүріп кетті. Кейін олар бірлесе отырып, тағы да 8 көлікті омбы қардан шығарып алды.

Бүгінде екі шақырымға созылған Шақпақ-баба бекетінен басқасы, Шымкенттен Жамбыл облысына дейінгі шекара учаскесі қардан тазартылды.

Жолды қардан тазалауға 110 техника және 400 адам жұмылдырылды.

Бүгінде облыс территориясында қар әлі жауып тұрғандықтан, ТЖМ тұрғындарға жол жүрудің қолайсыз екенін ескертті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті