«Олар Баялдыр қоймасына 2005 жылы қатты қалдықтардың 316 мың 299 тоннасын шығарса, 2006 — 394 мың 131 тоннаны, ал 2007 жылы 342 мың 242 тоннаны тастаған. Алайда оларды шығару үшін төлемдер жасамаған», — деп хабарлады М. Махамбетов.
Табиғатты қорғау прокуратурасының мәліметтері бойынша, «Шалқия Мырыш ЛТД» сондай-ақ, сарқынды суларды тастап отырған. Олар 2005 жылы рұқсатсыз 1 млн 660 мың 569 текше метр суды ағызса, 2006 жылы 2 млн 69 мың 187 текше метр лас суды тастап, табиғатқа зиян келтірген. Ал 2007 жылдың алты айында оның көлемі- 1 млн 531 мың 246 текше метрді құраған. Сонымен қатар, өндірістік су Баялдыр бұлақ өзенінің су қорғау аймағына жіберіліп отырған. Ал жергілікті тұрғындар ол жердің суын тамаққа пайдалануда.
М. Махамбетов хабарлағанындай, табиғатты қорғау прокуратурасының тексеру материалдары бойынша ОҚО аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы кәсіпорыннан 381 млн теңге айыппұл өндіру жөнінде сотқа шағым тапсырды. Оңтүстік Қазақстан облысының ауданаралық экономикалық соты талапты орындады.
«Менің білуімше, сот шешімі күшіне енді. «Шалқия Мырыш ЛТД» 5 миллион теңге көлемінде мемлекеттік баж салығын төлемеген. Ал заң бойынша, мемлекеттік салық төленбеген кезде апелляциялық шағым қабылданбайды», — деді М. Махамбетов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті