ОҚО-да 26 адам мен 4 көлік қар құрсауында қалып қойды
Оңтүстік Қазақстан облысында кеше кешқұрым Бәйдібек ауданында Тұрақты және Қаратас кенттері арасында 26 адам мен 4 көлік қар құрсауында қалып қойғаны жайлы ақпарат келіп түсті, деп хабарланды ҚР ТЖМ-нан. ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖБ күшімен (5 адам мен 3 техника) адамдар және көліктер жолдың тазартылған жеріне шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін