ОҚО-да анасы өлімші етіп сабап тастаған бала мүгедек боп қалады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да анасы өлімші етіп сабап тастаған бала мүгедек боп қалады

ОҚО-да анасы өлімші етіп сабап тастаған бала мүгедек боп қалады

Оңтүстік Қазақстан облысында анасы өлімші етіп сабап тастаған 7 жасар бала өмірінің соңына дейін мүгедек боп қалады. Соққылардың ауыр болғаны сонша, оның миында ісіктер пайда болған. Дәрігерлер оны өлім аузынан аман алып қалды деп жазады Otyrar.kz.

  • 24 Мамыр 2017
  • 548
Фото - Caravan.kz


Қазір жеткіншек облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. 20 күннен бері есін жимаған баланың жағдайын дәрігерлер әлі де болса ауыр күйде дейді.

Бұл оқиғаға бүгінде полицейлер араласып, қылмыстық із қозғады. Тергеу барысында белгілі болғаны, 1986 жылғы әйел өзінің жалғыз ұлын әбден ұрып, денесін күйдірген. Оқиға Ордабасы ауданының орталығы Темірлан елдімекенінде орын алыпты. Дәрігерлерге күдікті әйел баласының құлап түскенін айтып алдамақ болған. Алайда, денедегі жарақаттарының адам қолынан болғанын бірден білген ақхалаттылар дереу тәртіп сақшыларына хабар беріпті.