Жаңбыр мен қар жауса, Шұбарсу-2 ауылында апталап батпақ жатады. Ондайда адам түгілі көліктер жүре алмай, тұралап қалады. Ал жол туралы тұрғындар жылда айтып келеді.
Әмір Уәлиев, Шұбарсу ауылының тұрғыны:
-Құдықты қалай болса солай істеп кетті. Міне машина келе алмайды. Автобус келеді де, осы жерге тіреледі. Жаңбыр жауса ойбай мен өте алмаймын дейді. Мынаның бойына тас жол төсеп береміз деген. 1 жыл болды, әлі келе жатыр.
Бәрінен бұрын бұл батпақ балалар үшін қиын болып тұр. Оқушылар 5 шақырымдық жердегі мектепке жаяу баруға мәжбүр. Ал, оларды тасу үшін бөлінген автобус бір күн келсе, бір апта сынып жатады екен.
Сәлима Уәлиева, Шұбарсу ауылының тұрғыны:
-Автобус келмейді, жаяу барып келгілері келмейді. Өзіміз жібермей жатырмыз. Жолда лай, жол жақсы емес. Үйде қазір, бір апта болды. Ақша сұрайды мұғалімдер. Келмесеңдер айыппұл төлейсіңдер 300 теңгеден депті.
Бір жылдары мұнда тіпті қосымша бастауыш мектебін салу туарыл сөз қозғалған. Бірақ, бала саны жетпеген соң мәселе жылы жабылды. Жергілікті билік жаңа оқу ордасын салып бермесе де, биылдан бастап оқушылар тасымалын да, жолдарды да қатырамыз деп бәйек болуда.
Жанқозы Самбетов, Шұбарсу ауылының әкімі:
-Биыл енді өзімізге бюджет беріледі. Енді өзіміз қай жерге не керек осындай халықтың мұңын тыңдаймыз. Халықтан жаңағы бір уәкілін аламыз да біз барып соны шешеміз. Биыл осы мәселені шешеміз деп отырмыз.
Сондай –ақ әкім ауылда спорт кешені мен мәдениет сарайын да тұрғызып беретінін айтты. Бірақ балалары лай жолмен 5 шақырымды жаяу бағындырып жүрген жұртты бұл жаңалық қуанта қоймады.