ОҚО-да азық-түлік пен киім-кешекті тегін беретін дүкен ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да азық-түлік пен киім-кешекті тегін беретін дүкен ашылды

ОҚО-да азық-түлік пен киім-кешекті тегін беретін дүкен ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданында "Бәрі рахмет үшін" әлеуметтік дүкен ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілш

  • 5 Қаңтар 2017
  • 828
Фото - Caravan.kz

Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданында "Бәрі рахмет үшін" әлеуметтік дүкен ашылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Дүкенде азық-түлік пен киім-кешек тегін таратылады.

Дүкеннің жұмыс істеп жатқанына бірнеше ай болыпты. Осы бастаманы қолдаушылар әр ауданнан азық-түлік пен киім-кешек алып келіп жатыр. Дүкен күн сайын демалыссыз жұмыс істейді, кез келген адам келіп, өзіне қажетті затты ала алады. Дүкенде қыстық киімдерді де табуға болады, еріктілер күн сайын келіп түсіп жатқан заттарды реттеп, сөрелерге қояды. Осы орайда бей-жай қарай алмаған кәсіпкерлер де шыққан, олар аз қамтылған отбасынан шыққан 20 балаға қыстық киім алып беруді өз мойындарына алған.

"Мен мұны керемет бір іс деп ойламаймын, бұл менің парызым, адамдарға көмек беру, ол адамдарға шын мәнінде қажет болуы мүмкін. Неге істемеске? Маған не кедергі? Егер біз адамдарға мейіріммен қарайтын болсақ, әлем өзгере түсері анық. Мен өз достарыма, таныстарыма осындай жақсы іс жасауды ұсындым. Менің ойымша, бұдан шығындалып кетемін деп ойламаймын. Бұл басқаларға да жақсы іс жасауға шабыттандыратын болады", — деді "Бәрі рахмет үшін" әлеуметтік дүкенін ашқан Мадина Ермаханбетова.


Осы бастаманы қолдаған біраз кәсіпкер де табылды. Бірнеше компания тауарларды жеткізу үшін арнайы көлік бөлуді жоспарлап отыр екен.

"Бәрі рахмет үшін" әлеуметтік дүкені Шымкент қаласында да ашылмақ. Мұндай дүкендер еліміздің бірнеше өңірінде ашылған.