ОҚО ТЖД жедел кезекші бөлімінің басқару пультіне 2016 жылғы 23 сәуірде 12 сағат 30 минутта 22 сәуірде сағат таңертеңгі 7-де Ордабасы ауданы Бөген ауылының 1986 жылы туылған (1 топ мүгедек) тұрғыны үйден шығып кетіп, қайта оралмағаны жайды хабарлама түсті.
Бұған ОҚО ТЖД Іздеу тобы, сүңгуірлер жұмылдырылды. Түркістан магистральдық арнасының 35 шақырымы, квадрокоптермен екі бағытта 3 шақырым тексерілді. Іздеу жұмысына барлығы 73 адам, 3 бірлік техника, 1 моторлы, 1 үрлемелі қайық, 1 квадрокоптер тартылды.
Іздеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды otyrar.kz.