Жарияланды: 330

ОҚО-да көршісінің иті талаған жасөспірім құтырмадан көз жұмды

Оңтүстік Қазақстан облысында көршісінің құтырған иті қапқан 17-дегі жасөспірім қайтыс болды. Қазір онымен қатынаста болды деген 12 адам дәрігерлердің бақылауына алынды. Ең сорақысы, марқұмды қапқан төбет бірнеше күннен кейін өліп қалғанын көршісі жасырған.  Сөйтіп жеткіншек дәрігерге де қаралмапты.

Оқиға Сайрам ауданындағы Көмешбұлақ ауылында болған. Жаздың шілдесінде жеткіншекті көршінің иті қауып алады. Қабаған төбеттің өзі бірер күннен соң өліп қалыпты. Алайда көршісі оны жасырып қана қоймай, жергілікті мал дәрігерінен үй жануарының ауруы жоқ деген анықтама алған. Енді санитарлық қадағалау мамандары иттің иесі мен ауылдық мал дәрігерін жауапқа тартылуын талап етіп сотқа арызданбақ.  Ал ит қапқан жеткіншек бір апта бұрын ғана дене қызуы көтерілген соң ауруханаға жеткізілген екен. Дәрігерлер «құтырма» деп диагноз қойып, науқас ақыры ауруынан айықпай, көз жұмды.

Бақыт Тұрлыбеков, Сайрам аудандық орталық ауруханасы бас дәрігірінің орынбасары:

- Ит тістесе 12 күннен бір жылға дейін созылуы мүмкін. Әркімге әр түрлі. Ол тістеген жеріне байланысты, иттің вирусына байланысты. Бұл баланы шілде айында қапса , 6 айдың көлемінде шығып отыр. Аурудың белгілері пайда болса , ол аман қалмайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін