ОҚО-да мәслихат депутаты арқылы кәсіпкерден пара алған ауыл әкімі ұсталды
Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы полициясы ауыл әкімдерінің біріне пара алды деген айып тағып отыр. |
Экономикалық және жемқорлық қылмысқа қарсы күрес агенттігі сайтындағы ақпарға сүйенсек, «ОҚО департаменті ауылдық округ әкімінің үстінен қылмыстық іс қозғады. Ол аудандық мәслихат депутаты арқылы 200 мың теңге көлемінде пара алған».
Тергеу мәліметтеріне қарағанда, параны ЖШС директорының орынбасары берген. Ол осылайша ауылдық Мәдениет үйі мен әкімдік ғимаратының жылу жүйесін жөндеу жұмыстарының құжаттарына әкімнің қолын қойдырып алмақ болған көрінеді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін