ОҚО-да оқушылары аты-жөнін жаза алмайтын мектеп құлағалы тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да оқушылары аты-жөнін жаза алмайтын мектеп құлағалы тұр

ОҚО-да оқушылары аты-жөнін жаза алмайтын мектеп құлағалы тұр

Оңтүстік Қазақстан облысында апатты жағдайда тұрған мектеп тұрғындардың екіге жарылуына себепкер болды. Аққорған ауылындағы жұрт алдағы қыркүйекте балаларын сабаққа жіберуден бас тартып отыр. Себебі, әбден көнерген білім ордасы құлағалы тұр. Өткен оқу жылын уайыммен әрең аяқтаған тұрғындар енді балаларын бұл мектепке бергісі келмейді.

  • 30 Мамыр 2014
  • 327
Фото - Caravan.kz

Аққорған ауылынан 7 жылдан бері береке кеткен. Себебі, ескі мектепті тұрғындардың бірі бұзып тастайық десе, енді бірі оны қорғап әлек. Мәселен, мына екі ақсақал осы ауылдың билері екен. Бүгін екеуі мектеп үшін бір-бірімен жаға жыртыса жаздады.

Мақсаты не?

– Мақсаты мектепті бұзу.

– Ал, сенікі не?

– Менікі мектепті емес, осы жердің егемендігін қорғау.

Егемендікті жақтаған би тілшілерді мектептің ауласына да аттап бастырғысы келмейді. Неге үйтетінін тағы ашып айта алмады.

 Менің ауылым, менің ауылым болды ма мен өзім қожайынмын. Шығып кет бар.    

Тозып кеткен мектептің шынымен де есік-терезелері қирап, қабырғалары қақырап тұр. Оқу түгілі, кіріп шығудың өзі қорқынышты.

Тойшы Рахматов,  Аққорған ауылының тұрғыны:

-Мектепте ешқандай жағдай  жоқ. Қыста суық. Көмір жақса жағады, жақпаса жақпайды. Сабақ оқуғ ақуға мүмкін емес. 100 пайыз жабылу керек бұл мектеп.

70 жыл бұрын салынған барақта алғашында мақта терушілер тұрыпты. 57 жылдан бері мектеп ретінде жұмыс істеп келе жатыр. Содан бері бірде-бір күрделі жөндеу көрмеген. Оқу ордасына да, мұғаліміне де көңілі толмайтын ата-аналар қыркүйекте балаларын ескі мектепке жібермейміз деп отыр.


Ендош Әбдіқадыров, Аққорған ауылының тұрғыны:

-Мектепте оқитын балаларымызда сауат жоқ. Керек болса фамилиясын жаза алмайтындар бар. 10-ды 11-ді бітір жатыр.

Ал жергілікті атқамінерлер бұл жағдайды бұрыннан біледі екен. Тіпті, талай рет аудандық депутаттардың талқысына да түскен. Тек, біресе ақша жоқ, біресе жер жоқ деп нәтиже шығара алмай келеді.

Рахматолла Сұлтанов, Сарыағаш аудандық мәслихатының депутаты:

-Мектептің әлі құжаттары болмауынан мектеп 2016 жылға қалып кетеді дегендей қауесет бар. Сондықтан, кеше келіп мен құжаттарын тексеріп, осы мектептің документтерін дайындау үстіндеміз. Егер бітіре алсақ, бұл мектептің орнына 600 орындық мектеп салынады деген жоспар бар.

-Шенділердің айтуынша Аққорған мектебі кемінде тағы бір жыл тұрады екен. Бұл уақыт ішінде мектептің шаңырағы ортасына түспесіне де ешкім кепіл бола алмайды. Айтпақшы, биыл Аққорған мектебінің түлектері мектеп бітіру кешінде өткізбейтін болып шешіпті. Жәй ғана аттестаттарын алып, үйлеріне тарқасады. Себебі, мектеп қабырғасында ән салып, билеудің өзі қауіпті.