ОҚО-да қирап қалған шойын жол әлі жөнделіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да қирап қалған шойын жол әлі жөнделіп жатыр

ОҚО-да қирап қалған шойын жол әлі жөнделіп жатыр

Оңтүстік Қазақстанда қирап қалған шойын жолдар қалпына келтірілді. 2 күн бұрын болған  апатта республикалық маңызы бар теміржолдың екі бұтағы толықтай істен шыққан болатын.

  • 8 Мамыр 2014
  • 394
Фото - Caravan.kz

56 вагонның 30-ы рельстен тайып, бірнеше цистернаға тиелген улы химикат Көкбұлақ ауылының іргесіне төгіліп, жұртты көшіруге тура келген. Аумақты қираған вагондардан тазарту жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Ал төгілген күкірт қышқылының зардабы жойылды дейді атқамінерлер. Бірақ, ауыл іргесінде аударылған цистерналарды алып кетуге әлі асығар емес. Өткен дүйсенбі күнгі апатта қалааралық бағыттағы пойыздар бірнеше сағатқа кешіккен болатын. Бүгін қатынас қайта жанданды. Оқыс оқиғадан кейін туыстарын жағалап кеткен Көкбұлақ ауылының ересек тұрғындары да үйлеріне қайтып жатыр.


Гүлнұр Үркімбаева, Көкбұлақ ауылының тұрғыны;

-Кәдімгідей жүректі айнытып, басымызды ауыртты. Сонымен бүгін ешқандай иіс жоқ, таза.