Былтыр көрші елдің бас мүфтиінің әлдебір әйелмен жыныстық қатынасы түскен таспа ғаламторға тарап, содан басы бәлеге қалған болатын. Енді Егембердиевтің 12 жарым миллион сом салыққа қарызы бары анықталып отыр. Салықтан жалтарып жүргені үшін оған қатысты іс 2013 жылы қозғалыпты. Тек түлкі бұлаңға салып қашып жүрген экс-мүфтиге қырғыздың Ұлттық қауіпсіздік қызметі өткен жылдың соңында іздеу салған. Енді еліміздің оңтүстігінен табылған ол Қазақстаннан саяси баспана сұрайды. Алайда миллиондаған қарызы бар мүфтиді сот 40 күнге қамап, сосын қырғыз еліне экстрадицияламақшы.