ОҚО-да заңсыз жүрген 56 шетелдік азамат ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да заңсыз жүрген 56 шетелдік азамат ұсталды

ОҚО-да заңсыз жүрген 56 шетелдік азамат ұсталды

Өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар еліміздің көші-қон заңдылығын бұзған

  • 25 Маусым 2015
  • 404
Фото - Caravan.kz

56 өзбекстандық азаматты ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, Шекара қызметінің «Оңтүстiк» өңірлік басқармасына қарасты «Қасқасу» заставасының шекарашылары жергілікті көші-қон полициясының қызметкерлерімен бірлесе отырып Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының «Текесу» елді мекенінде заңсыз жүрген Өзбекстан Республикасының 20 азаматын ұстады.

Ұсталғандар ОҚО Төлеби аудандық полициясына берілді.

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында орналасқан «Жібек жолы» бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды елімізде болу тәртібін бұзған Өзбекстан Республикасының 24 азаматын ұстады.


Ұсталғандар елімізде болу тәртібін бұзғандары үшін әкімшлік жазаға тартылды.

Сондай-ақ еліміздің батысындағы Шекара қызметінің «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасына қарасты «Фетисово» заставасының шекарашылар заставадан 40 шақырымдай жердегі «Кендірлі» мүйісінің маңынан елімізде жүру тәртібін бұзған Өзбекстан Республикасының 12 азаматын ұстады. Олардың қолында Қазақстан Республикасында жұмыс істеуге құқық беретін тиісті құжаттары да болмай шықты.

Ұсталған азаматтар Батыс Қазақстан облысының Қарақияқ аудандық полициясына берілді.